Бюджетті мұнай бағасын 50 доллармен қайта есептейді

Жаңалықтар
12.02.2015, 11:54

Қазақстан Үкіметі мұнайдың орташа бағасын барреліне 50 доллармен есептеп, республикалық бюджетті түзетеді. Бұл туралы бүгін ОКҚ брифингінде ҚР Ұлттық банк төрағасы Қайрат Келімбетов айтты.

«Өздеріңіз білесіздер, Үкімет жақын арада бюджетті нақтылайтын болады. Нақтылай түссек, қарапайым сценарий ретінде 2015 жылы Brent маркалы мұнайдың бір баррелі орта есеппен  50 доллар болады деп есептелген», - деп түсіндірді ол.

Төрағаның айтуынша, 2015 жылы Ұлттық банк теңгенің кенет құнсыздануына жол бермеуді жоспарлап отыр. «Қазіргі уақытта біз валюталық дәліздің ағымдағы саясатын ұстанып отырмыз. Біздің есебімізше, қазіргі макроэкономикалық жағдайлар осы дәлізде болуымызға мүмкіндік береді. Алдағы үш-тоғыз ай аралығында біз ішкі және сыртқы валюта нарықтарындағы жағдай қалай өзгеретінін жіті бақылап отырамыз», - деп түйді ол.

Сұхбат

PhotoRoom