Меморгандардың жұмыс істемейтін телефондарына халық наразы

Жаңалықтар
12.02.2015, 15:29

Астана тұрғындары қала әкімі Әділбек Жақсыбековке мемлекеттік органдардың телефондары жұмыс істемейтінін және олардың жазған хаттары қала басшысына жетпейтінін айтып шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Мен архитектураны (қала құрылысы және архитектура басқармасы - Автор) тура титықтап тердім, түсінесіз бе, онда бірде-бір телефон жұмыс істемейді. Өтініш, талдау жасаңыздаршы, мемлекеттік құрылымдарда бірде-бір телефон жұмыс істемейді, қалалық телефонмен ешкім әкімдікпен байланыса алмайды, ешкім архитектураға хабарласа алмайды", - деп шағымданды тұрғындардың бірі Астанада көрсетіліп жатқан мемлекеттік қызметтердің сапасы талқыланған кеңесте.

Оның айтуынша, ол Әділбек Жақсыбековке хат жазған, бірақ ол әкімге жетпепті. Осыған ұқсас жағдай тағы бір әйелде болған. "Әділбек Рыскелдіұлы, сізге хаттарымыз жетпейді, мен өзім барып тіркеліп, сізге хат жазғанмын", - деді ол әкімге.

"Хаттарға қатысты айтатын болсақ, қазір бізде виртуал қабылдау бар емес пе?! Тіпті болмаса сол жерге хаттар нақты (барады - Автор), мен бір емес бірнеше рет айтқанмын, менің сайтыма келгендердің барлығын өзім бақылап, толық жауап беремін. Кім қандай мәселеге қатысты жазса да біз жауап береміз. Сондықтан, менің ойымша осындай заманауи әдісті қолданған бәрінен оңай - электрондық сайт, виртуалдық қабылдау арқылы, сондықтан жазыңыздар өтінемін және мен ол жерге келіп түскен әрбір сұрақты өзім қадағалап отыратыныма көздеріңізді жеткіземін. Біз дүйсенбі күні өтетін аппарат кеңесінде көптеген мәселені тұрғындардың жазғандарына байланысты көтереміз және мен қол астымдағылардан және әріптестерімнен жауап аламын. Сондықтан, сол сайтты қолданыңыздар, өтінемін", - деді Жақсыбеков.

Шара барысында әкім Мемлекет басшысының мемлекет қызметкерлері адамдарды әр кабинетке қумауы тиіс деп айтқан сөзін келтірді. Еске сала кетейік, бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында мәлімдеді.

"Президент мемлекеттік қызметтің міндеті - адамдарды тыңдау, мәселені шешу, оларды әр кабинетке жүгіртпеу екенін айтты, кезек болмауы тиіс, қызмет сапалуы болуы қажет. Ол мемлекеттік қызметтің адамдарға қызмет ету керегін, яғни мемлекетпен өзара қатынасты барынша жайлылықпен қамтамасыз ету керегін айтты", - деді ол Астанадағы мемлекеттік орган басшыларына.

Сұхбат

PhotoRoom