"Болашақ" бағдарламасына өзгерістер енгізіледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіповке сілтеме жасап.
"Болашақ" бағдарламасы қысқартылмайды. Жаңа бюджет қарастырылатын болады. Біз мақсатты дайындық жөнінде ұсыныс енгіземіз, яғни нақты кәсіпорындар үшін. Сондай-ақ машықтану бағдарламасы шеңберінде біз Қазақстанда тілді оқыту мүмкіндігін қарастырамыз. "Болашақ" бағдарламасына қатысушылар тіл курстарынан елде өтетіндіктен ол бізге 1-2 миллиард теңге үнемдеуге мүмкіндік береді", - деді Сәрінжіпов министрліктегі алқа мәжілісі алдында.
Оның айтуынша, бұл мақсаттар үшін орталықтар арнайы ашылатын болады. "Біз халықаралық серіктестермен бірге ол үшін арнайы орталықтар ашамыз. Қатысушыларына қаражат бөлуді қажет етпейтіндіктен ол арзан болады. Оның есебінен қаражатты үнемдей аламыз", - деді ҚР Білім және ғылым министрі.