Елбасы Меркельмен сөйлесті

Жаңалықтар
13.02.2015, 21:15

Нұрсұлтан Назарбаев пен Ангела Меркель Ресей, Украина, Франция президенттерінің және Германия Канцлерінің Минскіде «норманд форматында» өткен келіссөздерінің қорытындысы туралы сөйлесті.

Мемлекет басшысы Минск кездесуінің табысты аяқталуына Федералдық канцлердің қомақты үлес қосқанын атап өтті.

А.Меркель Украинаның оңтүстік-шығысындағы қақтығысты бейбіт реттеу үдерісін ілгерілетудегі Нұрсұлтан Назарбаевтың  күш-жігерінің маңыздылығына тоқталды және «норманд төрттігінің» кездесуін Астанада өткізу мүмкіндігін атай отырып, осы маңызды жұмысты жалғастыруды өтінді.

Мемлекеттер басшылары барлық тараптың бейбіт үдерісті қамтамасыз етуге жұмсаған күш-жігері Украинадағы дағдарысты реттеуге септігін тигізеді деп үміттенетіндерін айтты.

Сондай-ақ тараптар Қазақстан - Германия ынтымақтастығының деңгейі жоғары екенін қанағаттанушылықпен атап өтті.

Телефон арқылы сөйлесуге Германия жағы бастамашылық етті.

Сұхбат

PhotoRoom