Сапарбаев ҮЕҰ-дың жұмысына көңіл бөлмек

Жаңалықтар
16.02.2015, 12:09

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев үкіметтік емес ұйымдарды Үкіметпен ынтымақтасып жұмыс істеуге шақырды.

«Үкіметтік емес ұйымдарға қатысты тоқталатын болсам, біз олармен кездесу өткіземіз. Біз баршамыз бір мемлекетте өмір сүрудеміз және мақсатымыз бір. Сондықтан да барша үкіметтік емес ұйымдарды бірінші кезекте ҚР Мәдениет және спорт министрлігімен, сондай-ақ өзге де министрліктермен бірлесе жұмыс істеуіне шақырамын»,-деді вице-премьер.

Осы орайда ол жыл сайын мемлекеттік тапсырыс ретінде тиісті қаржы бөлінетіндігін, бұл өз кезегінде мемлекеттің қолдауын білдіретіндігін еске салып өтті.

«Тек үкіметтік емес ұйымдарға бөлініп жатқан қаржылар тиімді әрі мақсатты жұмсалуы керек»,-деп қадап айтты Б. Сапарбаев.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom