ОҚО-да егістік науқаны бір ай ерте басталды

Жаңалықтар
16.02.2015, 12:13

Облыс әкімі Асқар Мырзахметов Мақтарал ауданындағы көктемгі дала жұмыстарына дайындық барысымен танысты. Егістік басында тиісті сала басшылары және диқандармен кездескен өңір басшысы биыл ауа райы диқан үшін қолайлы болып тұрғандығын айтып, көктемгі дала жұмыстары жылдағыдан бір ай бұрын басталатынын мәлімдеді.

Биылғы жылы облысымыздағы жалпы егістік көлемі 810 мың га. құраса, оның 136 мың га. Мақтарал ауданына тиесілі. Егістікті әртараптандыру шарасына сәйкес ауданда биыл мақта дақылы 9 мың га қысқартылып, орнына жоңышқа қосымша 5 мың га, жеміс-жидек пен жүзім 1 мың га, көкөніс, картоп 2,7 мың га. егілмек. Бүгінгі таңда 86 мың га. сор шаю жұмыстары жүргізіліп, 121 мың га. жер айдалды. Терең қопсыту технологиясы 37 мың га. енгізіліп, 632 га. ерте пісетін көкөніс дақылдары егілген. Көктемгі дала жұмыстарына 2 мыңнан аса техника мен агроқұрылғылар дайын. Қажетті 6 мың тонна жанармай бөлінген. Аудан тауар өндірушілері жаздық дақылдардың тұқымымен толық қамтамасыз етілген. Сонымен қатар аудан шаруаларына жеңілдетілген бағамен 34 мың тонна тыңайтқыш таратылатын болады.

Егістік басында шаруалармен кездескен Асқар Исабекұлы мемлекет тарапынан отандық тауар өндірушілерге барынша қолдау көрсетіліп жатқанына тоқталып, несібесін жерден алған диқандар үшін жаңа агротехнологияларды игерудің маңызы зор екендігіне көңіл бөлді. Осы орайда соңғы жылдары қолға алынған тамшылатып суғару, терең қопсыту, егістікті әртараптандыру технологиялары оң нәтиже беріп жатқанын тілге тиек етіп, оларды өндіріске кеңінен енгізуді жандандыру мәселесіне назар аударды.

 

Сұхбат

PhotoRoom