Мәдени саясаттағы басты үйлестірушілер аталды

Жаңалықтар
16.02.2015, 14:40

Салалар бойынша  құрылатын көркемдік кеңестер  елдің мәдени саясатын іске асыру жөніндегі басты үйлестіруші орталықтарға айналады. Бұл туралы бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің алқа мәжілісінде осы ведомствоның басшысы Арыстанбек Мұхамедиұлы мәлім етті.

Мәдениет саласының  2014 жылдағы аса маңызды жобаларының бірі Мемлекет басшысының Жарлығымен Мәдени саясаттың ұзақмерзімді тұжырымдамасының бекітілуі екеніне тоқталған министр, «Құжат тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет әзірленді және мәдениет пен өнер саласында ұзақмерзімді мемлекеттік саясаттың стратегиялық бағдарын анықтайды.  Тұжырымдама шығармашыл адамдардың игілігіне бағытталған»,-деді.

Оның сөзіне қарағанда, басымды бағыттар мәдениет пен өнердің жекелеген салалары мен заманауи мәдени кластерлерді дамытуды, сондай-ақ инновациялық технологиялар мен білім беру саясатын, танымал төлтумаларымызды қалыптастыруды көздейді.

«Мүдделі мемлекеттік органдармен және өңірлермен тығыз байланысты көздейтін Тұжырымдаманы іске асырудың бірінші кезеңі үшін Іс-шаралар жоспары (2015 - 2019 ж.ж.), Үкімет қаулысымен бекітілді.  Бірінші кезең Қазақстан Республикасы Президенті жанынан Әдебиет және өнер жөніндегі ұлттық кеңес, сондай-ақ  Мәдениет және спорт министрлігі жанынан салалар бойынша көркемдік кеңестер құру сияқты маңызды қадамдардың іске асырылуын қамтиды»,-деді А. Мұхамедиұлы.

Оның айтуынша, келешекте бұл институттар салалық мәселелер мен ресурстарды біріктіруді, репертуарлық, гастрольдік, кадрлық саясатты - өңіраралық өзара іс-қимылды қоса отырып,  елдің мәдени саясатын іске асыру жөніндегі басты үйлестіруші орталықтарға айналады.

«Қазіргі таңда саланың алдында тұрған маңызды міндет - ақырғы нәтижеге бағытталу, кәсіпкерлермен жұмыс жасау, отандық мәдениетті халықаралық деңгейге шығару болып табылады»,-деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, Республикада 8 мың жергілікті және 39 республикалық мәдениет ұйымдары бар.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom