Отандық экспорттаушыларды қолдауға 35 млрд теңге

Жаңалықтар
17.02.2015, 14:59

Қазақстандық экспорттаушыларды қолдауға 35 млрд теңге бөлiнбекшi. Бұл туралы бүгiн ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Инвестициялар және даму министрi Әсет Исекешев мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz.

Министрдің айтуынша, Мемлекет басшысының тапсырмасымен жаңа экспорттық саясат әзiрлендi. Бағдарламада экспортты жаңа нарықтарға, атап айтқанда Орталық Азия, Кавказ және Иранға бағыттау мәселесi қарастырылған.

«Бiз бұл елдерге экспорттаудың жаңа тетiктерiн әзiрледiк. Үкiмет бiздiң экспорттаушыларды қолдау үшiн 35 млрд теңге бөлу шешiмiн қабылдады. Алғашқы келiссөздер көрсетiп отырғандай, бұл елдерде қаржыландыру үшiн экспорттың әлеуеттi көлемi 160 млрд теңге. Ендi бiздiң алдымызда мұны экспорттық келiсiмдерге айналдыру мiндетi тұр», - дейдi Ә.Исекешев.

Министр хабарлағандай, қазақстандық тауарды өткiзу үшiн арнайы сауда миссиялары құрылады.

«Ақпан-наурызда Түрiкменстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Моңғолияға сапармен барамыз. Сондай-ақ бiздiң экспорттаушыларды қолдау үшiн биыл Новосiбiр мен Тегеранда өкiлдiктер - инвестициялар бойынша агенттiктер құрылады», - дейді министр.

 

Сұхбат

PhotoRoom