"Ислам мемлекеті" тағы 45 адамды өртеп жіберді

Жаңалықтар
18.02.2015, 09:41

«Ислам мемлекеті» содырлары Ирактың батысындағы Әл-Бағдади қаласында 45 адамды тірідей өртеп жіберген. Бұл туралы жергілікті полиция басшысы Касим Обейди хабарлады, деп жазады Би-Би-Си.

Әзірге бұл адамдардың кім екендігі, не үшін өлтірілгендігі туралы еш мәлімет жоқ. Касим Обейдидің болжамынша, бұл адамдар Ирак қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері болуы мүмкін.

Өткен аптада «Ислам мемлекеті» лаңкестері «Айн әл-Асад» әуе базасы жақын орналасқан Әл-Бағдади қаласының бөлігін басып алған болатын. Полковник Обейди қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері мен жергілікті билік өкілдері тұратын ғимараттарға шабуыл жасалғандығын айтты. Сондай-ақ Касим Обейди Ирак үкіметі мен халықаралық қоғамдастықты Әл-Бағдади қаласына қол ұшын беруге шақырды.

Сұхбат

PhotoRoom