Мырзахметов есеп береді

Жаңалықтар
18.02.2015, 09:48

Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Шымкенттегі Түркістан сарайында 2014 жылы өңірде атқарылған жұмыстарды қорытындылап, халық алдында есеп береді.

Есеп беру жиыны өткен жылдың аяғында Президент Н.Назарбаевтың қатысуымен ашылған Түркістан сарайында өтеді. Жиында облыс әкімі 2014 жылы облыста атқарылған жұмыстарды қорытындылап, алда жоспарланған жұмыстарды таныстырады және халықтың сұрақтарына жауап береді. Айта кету керек, есеп беру жиынында облыстағы өнеркәсіп, кәсіпкерлік, ауылшаруашылығы, салық, жастар саясаты, білім, денсаулық сақтау сынды салалар кеңінен талқыланады.

 

Сұхбат

PhotoRoom