Елбасы Ресей ҚК Хатшысын қабылдады

Жаңалықтар
18.02.2015, 14:15

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Николай Патрушевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Кездесу барысында қауіпсіздік саласындағы екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен келешегі, халықаралық күн тәртібіндегі мәселелер, соның ішінде Украинаның оңтүстік-шығысындағы жағдай да талқыланды.

Тараптар Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы экономикалық ынтымақтастықтың жекелеген мәселелерін қозғады, сондай-ақ Таяу Шығыс пен Ауғанстандағы ахуалға байланысты жаңа сын-қатерлерді талқылады.

Н.Патрушев елімізге Қазақстан мен Ресейдің Қауіпсіздік Кеңестері аппараттарының арасындағы жоспарлы консультацияларға қатысу үшін келді.

Сұхбат

PhotoRoom