Сарапшылар кезектен тыс сайлаудың қажеттілігін анықтап берді

Сараптама
19.02.2015, 15:44

Бүгін Астанада  «Аманат» интеллектуалды пікір-сайыс клубының кезекті отырысы өтті.

Кез келген елдің саясаты экономикалық жағдайымен өлшенетінін айтқан клуб модераторы Жарқын Түсіпбекұлы «Қазақстан жаңа экономикалық саясатын «Нұрлы жол» атты Жолдаумен анықтады. Сондықтан да бүгін біз басқосуымыздың тақырыбын «Қазақстан дамуындағы жаңа саяси кезең: басымдықтар мен міндеттер» деп атадық» деді.

Тақырыпты қазір қалыптасып отырған геосаяси жағдайды, Қазақстанның сыртқы және ішкі саясатын жақсы білетін саясаттанушыларды, медиа-сарапшыларды және жастар қозғалыстары мен ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бірінші болып баяндама жасаған саясаттанушы Ерлан Саиров:

Ерлан Саиров

– Соңғы 1,5-2 жылдың ішінде әлемде геосаяси және геоэкономикалық тартыс пайда болды. Ол тартыстың негізгі өзегі – Батыс пен Ресейдің арасындағы ежелден келе жатқан фундаменталды қарама қайшылықтар. Текетірес ашық фазаға өтті. Келісімнің іске асуы өте қиын. Ол іске аспайтын болса, онда Еуропада тұрақсыздық болады. Осы мәселе өз кезегінде Қазақстанға салқынын тигізеді. Биліктің бүгінгі әрекеттері осыған да байланысты. Мүмкін брініші кезекте. Ал жалпы келетін болсақ, баса айта кететін мәселе оқиғалардың басы өткен жылғы наурыз айында біздің биліктің басында дүниежүзілік беделі бар, әлемдік алпауыттармен тең дәрежеде сөйлесе алатын Н. Назарбаев тәрізді көшбасшы Қазақстанды басқармағанда еліміздің тағдыры басқаша болып кетер ме еді…

«Мұнайдың бағасы күрт төмендеді. Тек қана мұнай емес, басқа да минералды ресурстарға сұраныс азайып кетті. Бұл өз кезегінде еліміздің бюджетіне, экспорттарға бағытталған кәсіпорындардың жағдайына кері әресін тигізіп отыр. Осы геосаяси және геоэкономикалық сынақтар мен қауіп қатерлер біздің елімізге де өзінің әсерін тигізуі ықтимал. Әрине осындай уақытта билік өзінің етек-жеңін жиып, одан кейін сол сыртқы қауіп-қатерге жауап беру үшін мандат алу керек» дейді Е. Саиров.

Мұрат Әбенов

Мұрат Әбенов еліміздегі блогерлердің бір тобы көтерген референдум өткізуіне қарсы екенін айтып, Конституцияға сәйкес сайлаудың өткізу идеясын қолдады. «Қоғам болған соң әртүрлі пікірдің болатыны заңдылық. Демократиялық дәстүрлерге сай  сайлаулар 4 немесе 5 жылда өткізіледі. Бірақ сол дәстүрдің өзі тиімділік үшін қалыптасады ғой. Қазір уақыт күттірмейтін мәселелер көп, сондықтан бір жыл бұрын өткізуде тұрған ештеңе жоқ» дейді М. Әбенов. Сондай ақ ол «Сайлау – жетiстiктерiмiздi одан әрi баянды етуге бағытталған қадам. Бiз үлкен таңдаудың алдында тұрмыз. Осы жетiстiкпен қалайық, ары қарай өзгерiс жасамайық дейтiн болсақ, ескi нәрсе өзгермей қалуы ықтимал. Ал егер бiз өркендi даму жолын таңдайтын болсақ, бүкiл әлем бiр-бiрiмен бәсекелес болып жатқанда, осындай тығырықтан шығып кетемiз дейтiн болсақ, онда тез арада сайлауды өткiзiп, ары қарай бiрге жұмылып, үлкен шаруаларды атқаруымыз керек", - деп атап өтті.

РамазанЕуразия ұлттық университетінің доценті Рамазан Салықжанов «Жаңа сайлау жаңа идеяларға жол ашады» дейді. «Кандидаттардың тың ойлары, пікірлері мен бағдарламалары қоғам дамуына сөзсіз септігін тигізді. Кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы идеяны бір ғана адам немесе саяси партия емес Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты салмақты, қалыптасқан институт тарапынан ұсынылғаны үшін де қолдауға болады» дейді социолог ғалым.

IMG_1077

«Қазақстан» телеарнасынан шығатын «Алаң» бағдарламасының жүргізушісі Нұрмұхамед Байғара «Ұлттық қорында 78 млрд доллары бар Қазақстан үшін сайлауға кететін 5 млрд теңгені үнемдеуді желеу етіп, референдум өткізуді ұсыну ақылға сыйымсыз. Жаңа экономикалық саясатты жүргізуде саяси реформа осыдан басталу үшін сайлау өткізуді қолдау керек» деді. Белгілі журналист Амангелді Құрметұлы саяси науқан өтсе, қоғамды тағы бір мәрте біріктіре түсетініне тоқталды. Ол қандай жағдай болса да, елдегі қауіпсіздік мәселесіне көңіл бөлуді атап өтті. «Бізде неосалафизм деп аталып жүрген топ пайда болды. Мүфтият дәрістеріне тыйым салған азаматтар бар. Бірақ олар әлі де дағуаттарын жүргізіп, жастардың миын улап жатыр. Сайлау арқылы сыртқы қауіпсіздігімізді күшейтіп жатсақ, ішкі қауіпсіздігімізге де көңіл бөлу қажет» дейді А. Құрметұлы.

Жастар атынан қатысқан Астана қалалық жастар саясатын дамыту қорының директоры Бақытжан Жүнісбеков пен Қазақстан жастары Конгресінің өкілі Айдын Сәбитовтер сөйлеп, жастардың да бұл мәселеге қатысты пікірі қалыпқалыптасқанын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom