Биылғы бюджет шығыны 7 трлн-нан асады

Жаңалықтар
19.02.2015, 16:27

 2015 жылы республикалық бюджет шығыстары 7 трлн 244 млрд теңгеден асады. Бұл туралы бүгiн Мәжiлiсте «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгерiстер енгiзу туралы» заң жобасын таныстыру барысында ҚР Қаржы министрi Бақыт Сұлтанов мәлiм еттi, деп хабарлайды BNews.kz. 

«2015 жылы республикалық бюджет түсiмi 5 трлн 998 млрд теңге көлемiнде анықталып отыр, бұл бекiтiлген бюджеттен 870 млрд теңгеге төмен. Республикалық бюджеттiң кiрiстерi, трансферттердi есепке алмағанда, 3 трлн 220 млрд теңге көлемiнде бағаланды, бұл бекiтiлген жоспардан 939, 6 млрд теңгеге төмен», - дедi Е.Досаев.

Министрдiң атап өтуiнше, республикалық бюджет шығыстары 7 244, 5 млрд теңге көлемiнде қарастырылып отыр, бұл бекiтiлген бюджеттен 610,7 млрд теңгеге төмен.

Ұлттық қордан қарастырылған мақсатты трансферттер көлемi 2015 жылы қосымша 76 млрд теңгеге артып, 783,5 млрд теңгенi құрайды

Сұхбат

PhotoRoom