Баспаналарды әкімдер үлестіретін болды

Жаңалықтар
20.02.2015, 15:13

"Қол жетімді баспана" жəне баспананы "Жалға ала отырып сатып алу" бағдарламалары бойынша салынып жатқан үйдердің құрылысы аяқталғанда оларды үлестіру əкімдіктердің құзырына беріледі. Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде "Самұрық-Қазына" АҚ басқарма төрағасы Өмірзақ Шөкеев айтты. 

- Біз "Қол жетімді баспана" жəне баспананы "Жалға ала отырып сатып алу" жобаларын жүзеге асыруға белсенді жұмыс атқарып келеміз. Бірақ оның ішінде пəтерлердің құрылысы аяқталғаннан кейін үлестіру жұмысы ең қиын мəселе. Ол пəтерлердің бағасы нарықтық бағалардан біршама төмен. Сондықтан, бұл жерде оларды тарату жөнінде өте əділ жүйе керек. Осы мəселеге қатысты үкімет арнайы ереже бекіткен. Сол ережеге байланысты тұрғын үйлердің құрылысы аяқталғанда біз оларды əкімдіктерге береміз. Олар өздеріндегі тізімге байланысты тиісті азаматтарға сатады. Осындай тəжірибе бүгінгі күні Алматы мен Ақтөбеде өтті. Қазір Астанада дайындалып жатыр. Келер жылдан бастап олардың қатарына Қарағанды, Павлодар, Шымкент сынды бірқатар қалалар қосылады. Бұл бағдарламаны əрі қарай жалғастыратын боламыз, - деді Ө.Шөкеев.

baq.kz

 

Сұхбат

PhotoRoom