«Бас редакторлар клубы» қоғамдық бірлестігі Қазақстан медиа-қоғамдастығы өкілдерінің атынан Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауды өткізу жөніндегі ұсынысты қолдайтындарын білдірді.
Бұл бастама ел мүддесінен және халықаралық экономикалық жағдайдың тұрақсыздығынан туындап отыр делінген қоғамдық ұйымның үндеуінде. Үндеудің толық мәтіні мынадай:
Президенттік сайлауды кезектен тыс өткізу қоғамды ауқымды мақсаттарға жету жолында ынтымаққа шақыра алады деп сенеміз.
Алдағы уақытта мемлекеттік аппарат пен барша қазақстандықтардың күш-жігері экономикадағы дағдарыс трендінің салдарын азайтуға бағытталуы тиіс.
Бүгінгі күнде Қазақстан әлеуметтік-экономикалық дамудың табысты көрсеткішін, сондай-ақ, еліміздің бірлігі мен гүлденуінің бейбітшілік қорғаны екенін көрсетіп отыр.
Осыған орай, Қазақстан халқы Ассамблеясы мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізуді ұсынғаны құптарлық жәйт.
Елімізде медиа сала мен азаматтық қоғам институттары қарқынды түрде дамуда, олар өздерінің жобаларын қоғамның әртүрлі әлеуметтік саласында тиімді пайдалануда.
Дамыған 30 елдің қатарына кіру идеясын құптау мақсатында, барлық қазақстандықтарды, барлық бұқаралық ақпарат құралдарын және үкіметтік емес ұйымдарды Қазақстан халқы Ассамблеясы Кенесінің ұсынысын қолдауға шақырамыз.