Г.Әбдіқалықова: Ел тұтастығын бекемдеу – баршамыздың міндетіміз

Жаңалықтар
20.02.2015, 18:27

 

Бүгін Шымкент қаласындағы әдеп-ғұрып және салт-дәстүр орталығында өңірдегі этномәдени бірлестік өкілдерімен өткен кездесуде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әбдіқалықова:

«-Осы жылы ұйымдастырылатын жалпыхалықтық іс-шаралардың дені елдің тұрақтылығы мен бірлігіне, халықтың татулығы мен тыныштығына бағытталмақ. Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын жоғары деңгейде ұйымдастырып, елдің тұтастығын одан әрі бекіте түсу баршамыздың міндетіміз», – деді.

Жиыннан кейін облыстық тарихи-өлкетану мұражайында болып, Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған экспозициямен және өңір тарихына қатысты тың деректермен танысты. Мемлекеттік хатшы сапар барысында апатты деп танылып, қайта бой көтерген №1 А.Пушкин атындағы мектеп-гимназиясымен және №6 колледждегі дуалды білім берудің жай-күйімен етене танысты. Бүгінде инновациалық оқу-тәрбие үрдісінде дуалды оқыту жүйесін енгізген колледжде бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу көрсеткіші 96 пайызды құрап, республикалық инновациялық жобалар байқауында үздіктер қатарына енген.

 

Сұхбат

PhotoRoom