Халықтың 95,4 пайызы президент сайлауы туралы ақпаратты күнделікті бақылап отыр. Бұл туралы әлеуметтік зерттеулермен айналысатын өзбекстандық «Ижтимоий фикр» қоғамдық пікірді зерттеу орталығы мәлімдеді.
Кезекті президент сайлауы 29-наурыз күні өтеді. Мемлекет басшысы бес жылға сайланады. Өзбекстанда соңғы рет мұндай сайлау 2007 жылы өткен еді. Оның қорытындысы бойынша, Ислам Каримов 7 жылға сайланған болатын.
Зерттеуге алынған халықтың 97,2 пайызы сайлаудың қай күні өтетіндігінен хабардар болса, 90,7 пайызы Өзбекстанның сайлау туралы заңымен жақсы таныс.
Айта кетейік, өткен жұмада Өзбекстанның либералды-демократиялық партиясы, «Миллий тикланиш» (Ұлттық жаңғыру), Өзбекстанның халықтық-демократиялық партиясы және «Адолат» социал-демократиялық партиясы өз кандидаттарын ресми түрде тіркеген болатын.