Оңтүстіктің имамдары бас қосты

Жаңалықтар
25.02.2015, 09:34

Шымкент қалалық «Абдул Хамид Қаттани» мешітінде жуырда Астанада өткен I республикалық имамдар форумына байланысты алқалы жиын өтті.
Жиынға облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Берiк Уәли, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының (ҚМДБ) Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша өкіл имамы Ахметжан Керімбек және Шымкент қаласына қарасты мешіттердің имамдары, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшелері және БАҚ өкілдері қатысты.

IMG-20150224-WA0009
Жиынды ҚМДБ-ның ОҚО бойынша өкіл имамы А.Керімбек ашып, жүргізіп отырды. Оның әңгімесінде елімізде тұңғыш рет өткізілген I республикалық имамдар форумына облыстан 30-ға жуық имамдар мен дінтанушылар қатысқандығы, форум барысында көптеген келелі мәселелердің көтерілгендігі, соның ішінде, жиынның қорытындысы бойынша төрт құжаттың қабылданғандығы, атап айтқанда, «Қазақстан мұсылмандарының тұғырнамасы», «ҚМДБ қызметкерінің этикасы», «Имамның тұлғалық келбеті», «Мұсылманның тұлғалық бейнесі» құжаттары бойынша алдағы кезеңдерде жүзеге асырылуы жоспарланып отырған мәселелер сөз болды.

IMG-20150224-WA0008
Кезекті сөзді алған облыстық ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы Б.Уәли елімізде тұңғыш рет өткізілген бұл форум жұмысының дәстүрлі діннің дамуына өзіндік әсерінің болатындығын айтып, форумда қабылданған құжаттардың ішкі рухани бірлік пен біртұтастықты нығайтуға ықпал ететіндігіне сенім білдірді. Сонымен қатар, зайырлы мемлекет құрылымына құрметпен қарауға, түрлi ағымдарға бөлiнуiне жол бермеу және конфессияаралық тұрақтылықты сақтаудағы отындық тәжiрбиенi одан әрi нығайтуға шақырды.
Жиын барысында бірқатар ардагерлер сөз алып, Астана қаласында өткізілген форумға өз ризашылықтарын білдіріп, имамдарды бірлесе жұмыстар жүргізуге шақыратындықтарын жеткізді.

Сұхбат

PhotoRoom