Қарабалин бензин бағасына түсініктеме берді

Жаңалықтар
25.02.2015, 10:46

Мұнай бағасы түссе, бензин құны да арзандайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Энергетика бірінші вице-министрі Ұзақбай Қарабалин мәлім етті.

«Өздеріңіз де білетіндей, соңғы 1-2 айдың ішінде біз бензин бағасын үш мәрте төмендеттік. Оның себебі, мұнайдың бағасы төмендеген сайын бензиннің де бағасы арзандайды», - деді ол.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, елімізде бензин бағасы Үкімет белгілеген ережеге сәйкес есептелінеді. «Сол ережеге сәйкес мұнайдың бағасы әлі де төмен түсетін болса, әрине, бензин бағасы да төмендейді. Бірақ мұнай бағасы көтерілер болса, онда бензиннің де бағасы көтерілетіндігі түсінікті», - деді Ұ.Қарабалин.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom