Іссапар шығындары қысқартылады

Жаңалықтар
26.02.2015, 14:13

Мемлекеттік органдар мен оған бағынышты ұйымдардың іссапар шығындарын қысқарту ұсынылады. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды.Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың айтуынша, бюджет шығыстарын оңтайландыру бағыты мемлекеттік органдар мен оларға бағынышты ұйымдардың қызметіне де қатысты болып табылады.

«Осы бағытта әкімшілік, күрделі қаржы шығындары, өкілдік ету бойынша және іссапар шығындары, сондай-ақ ақпараттандыру саласынағы бірқатар шығыстар оңтайландырылады. Соның ішінде мұндай қысқартылатын шығыстар сомасы жалпылама 103 миллиард теңгені құраса, материалдық-техникалық қамтамасыз етулер мен күрделі жөндеулер шығыстары 53 миллиард теңгені құрамақ», - деді құжатты таныстырған қаржы министрі Бақыт Сұлтанов.

 

 

Сұхбат

PhotoRoom