Сағынтаев эстониялық делегациямен кездесті

Жаңалықтар
26.02.2015, 14:14

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев Эстон Республикасының экс-президенті Арнольд Рюйтель басқарған эстондық бизнес-делегациямен кездесті.

Кездесу барысында тараптар біздің елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық байланыстарды дамыту, іскерлік ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Бақытжан Сағынтаев Қазақстан үшін Эстония Балтық өңіріндегі маңызды саяси және экономикалық әріптес екенін атап көрсетті және эстондық кәсіпкерлерді қазақстандық нарықты белсендірек игеруге шақырды.

Тараптар қазақстан-эстон әріптестігінің жоғары деңгейін және елдер арасындағы өзара іс-қимылды кеңейтуге елеулі әлеует бар екенін атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom