Перуашев президенттікке кандидат бола ма?

Жаңалықтар
26.02.2015, 14:28

 ҚР Президентi жанындағы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте Мәжiлiс депутаты, «Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы Азат Перуашев кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу туралы Елбасының шешiмiне қатысты мәлiмдеме жасады, деп хабарлайды BNews.kz.

«Кеше кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу туралы Елбасы шешiм қабылдады. Соған сәйкес, бүгiн таңертең «Ақ жол» демократиялық партиясының президиумы жиналып, өз мәлiмдемесiн қабылдады», - дедi А.Перуашев.

«Мемлекет басшысының 2015 жылы кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу Жарлығына қол қойғаны мәлiм. «Ақ жол» партиясы бұл шешiмдi толық қолдайды. Әлемдiк экономикалық тұрақсыздық жағдайларында бiзге барлық күш-жiгерiмiздi әлемдiк дағдарыстың ел экономикасына жағымсыз әсерiн еңсеруге шоғырландырып, жұмылуымыз маңызды. Қалыптасқан жағдайларда Қазақстанда ең алдымен ұлттық мүдделерге бағытталған байыпты саясат жүргiзу қажет. Осы себептер бойынша бiздiң партиямыз Ұлт Көшбасшысының кезектен тыс Президент сайлауын өткiзу туралы шешiмiн толық қолдайды», - деп хабарлады «Ақ жол» партиясының төрағасы.

Журналистердiң «Ақ жол» партиясы президенттiк сайлауға қатысады ма деген сұрағына Азат Перуашев әлi шешiм қабылданбағанын алға тартты.

«Бұл шешiмдi партияның жеке мүшесi емес, ресми партиялық орган қабылдауы тиiс. Сондықтан сұрақ жауабын жуық арада беремiз», - дедi А.Перуашев.

P.S. Айта кетейік, "Ақ жол" партиясы бұған дейін Әлихан Байменов "дәуірінде" ғана президенттік сайлауға кандидат шығарған болатын. Ә. Байменов Н. Назарбаев пен Ж. Тұяқбайдан кейінгі үшінші орын алған болатын. Ал, егер "Ақ жол" осы сайлауда үміткер шығара алса, Перуашевтің пәрмені қандай болмақ? Оны өзі айтпақшы, алдағы уақытта білетін боламыз.

 

Сұхбат

PhotoRoom