Сайлауға Үкіметтің резервінен қаржы қарастырылады

Жаңалықтар
26.02.2015, 14:42

Кезектен тыс президенттік сайлауды қаржыландыруға Үкіметтің резервінен қаржы жеткілікті. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында «2015-2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырғаннан кейін журналистерге берген сұхбатында Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов осылай мәлім етті.

«Орталық сайлау комиссиясында сайлауға кететін шығындар әлі де есептеліп жатыр. Ал бұған бізде Үкіметтің резерві бар, біз әрқашан қаржыландыра аламыз. Бұл жерде тек есептеулерді нақтылау ғана жетіспейді. Біз Орталық сайлау комиссиясынан осы есептеулерді күтіп отырмыз», - деді журналистер сауалына жауап берген министр Бақыт Сұлтанов.

Еске сала кетейік, Қазақстан халқы Ассамблеясы кеңесі ақпанның 14-інде кезектен тыс президенттік сайлау өткізу туралы бастама көтерген болатын. Бұл бастама қоғамда кеңінен қолдауға ие болды. Осыған орай, ҚР Президенті Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын 2015 жылдың 26 сәуіріне тағайындау туралы Жарлыққа қол қойған болатын.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom