Президенттікке үміткерлерді тіркеу басталды

Жаңалықтар
26.02.2015, 15:18

ҚР Президентіне кандидаттарды тіркеу бүгін басталды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов мәлім етті.

«Бүгін орталық сайлау комиссиясының отырысында сайлау құжаттарының үлгілері мен  сайлауды дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шараның күнтізбелік жоспары бекітілді. Аталған жоспарға сәйкес президенттікке кандидаттарды ұсыну  26 ақпанда басталып, 1  наурызда аяқталады», - деді ол.

Комиссия төрағасының айтуынша, президенттікке кандидаттарды ҚР Орталық сайлау комиссиясы тіркейді.

«Кандидаттарды тіркеу 25 наурызда аяқталады. Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталғаннан кейін олардың үгіт науқаны басталады. Ол 26 наурызда басталып, 24 сәуірге дейін жүргізіледі», - деді Қ.Тұрғанқұлов.

 

Сұхбат

PhotoRoom