Назарбаев одақтас елдер басшыларымен сөйлесті

Жаңалықтар
26.02.2015, 20:07

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.  

Қазақстан мен Ресей көшбасшылары Украинадағы қазіргі ахуалды талқылап, жалпы алғанда қақтығыс аумағында оқ атуды тоқтатуға қол жеткізілгенін атап өтті.

Мемлекеттер басшылары Украина дағдарысын реттеу үшін 12 ақпандағы Минск келісімдерін орындаудың маңыздылығына тоқталды.

Сондай-ақ Қазақстан-Ресей ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелері де қарастырылды.

Соңында В.Путин  Қазақстан, Беларусь және Ресей президенттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы үшжақты кездесуіне қатысуға ниетті екенін айтты.

64498e2b314d50f5c52fff8a4345032b

Бұдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады.

Мемлекеттер басшылары Қазақстан-Беларусь ынтымақтастығы мен еуразиялық экономикалық ықпалдастық аясындағы өзара іс-қимылының өзекті мәселелерін талқылады.

Нұрсұлтан Назарбаев пен Александр Лукашенко талқылауды Беларусь, Қазақстан және Ресей президенттерінің наурыз айына жоспарланған Астанадағы кездесуі барысында жалғастыруға уағдаласты.

 

Сұхбат

PhotoRoom