Белгілі саясаттанушы қызметке тағайындалды

Жаңалықтар
27.02.2015, 09:20

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің ректоры лауазымына Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков тағайындалды, деп хабарланған ҚР Білім және ғылым министрлігінің ресми сайтында. 

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 18 қарашадағы №1353 қаулысымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларының 21-ші тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 29 қаңтардағы №11 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік кәсіпорындардың басшыларын іріктеу, тағайындау және аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры лауазымына Шәріпбек Ағабайұлы Әмірбеков тағайындалды», делінген хабарламада.

Ол бұған дейін де осы қызметті атқарып келген болатын.

Сұхбат

PhotoRoom