Коммунистер үмітсіз шайтан деп отыр

Жаңалықтар
27.02.2015, 14:47

«Халықтық коммунистер» партиясы алдағы уақытта партияның сьезін өткізіп, 26 сәуір күні өтетін Президент сайлауына өз тараптарынан кім үміткер болатынын анықтайды. Мәжілістегі осы фракция жетекшісі Владислав Косарев айтқандай, бұл жиын келесі аптада өтуі мүмкін, деп хабарлайды BNews.kz. 

«Алдағы уақытта жан-жақтан келетін делегаттар Президент сайлауына біздің партия атынан кім үміткер болатынын анықтайды. Жиын келесі аптада өтуі мүмкін. Коммунистер атынан Президенттікке үміткер адам міндетті түрде табылады. Тіпті, біз партия ішінде жарыс ұйымдастырамыз. Бірақ, кім үміткер болатынын уақыт көрсетеді», - деді журналистердің сұрағына жауап берген В.Косарев.

Естеріңізге сала кетейік, 25 ақпан күні Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев халыққа арнаған үндеуінде кезектен тыс Президент сайлауын өткізу туралы Жарлыққа қол қойғанын айтып, сайлау күнін 26 сәуірге белгілеген еді.

 

Сұхбат

PhotoRoom