"Нұрлы жолға" 35 мыңға дейін жас маман тартылады

Жаңалықтар
27.02.2015, 15:27

Бүгін ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Павлодар қаласына жұмыс сапары барысында кәсіптік-техникалық кадрларды даярлау бойынша Ұлттық кеңестің селекторлық отырысын өткізді.

Ұлттық кеңес жұмысына орталық және жергілікті атқарушы органдардың, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, білім беру мекемелерінің, ұлттық компаниялардың, қоғамдық және халықаралық ұйымдардың басшылары қатысты.

Отырыс қатысушылары дуальды білім беру жүйесін енгізу, колледждерді ірі компаниялардың басқаруына беру, сондай-ақ еңбек нарығының кадрларға деген сұранысын болжау мәселелерінің кең ауқымын талқылады.

Білім және ғылым министрі А.Сәрінжіпов мәлімдегендей, қазіргі уақытта дуальды оқыту 3225 кәсіпорын мен 280 колледж ынтымақтастығы аясында енгізілуде. Соған қарамастан, министр «бүгінде кадрлар даярлау бойынша жауапкершілікті өз мойнына алуға бизнес дайын емес» деп есептейді.

«Кейбір жұмыс істейтін өнеркәсіп мекемелерінде шәкірттерді өндіріске жіберу үшін қажетті база жоқ. Мұндай жағдайда оқу орындарында немесе ресурс орталықтарында өндірістік ортаға ұқсатумен және іс жүзіндегі кәсіпорындар алаңдарына біртіндеп көшумен дуальды білім берудің бейімделген әдістерін енгізу орынды», - деп баса айтты ол.

Аталған тақырып бойынша сөзін түйіндеген Б.Сапарбаев Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында «Нұрлы жол» және индустриалды-инновациялық даму бағдарламаларын жүзеге асыру үшін 35 мыңға дейін жас маманды, оның ішінде 18 мың техникалық кәсіби білімі бар маманды тарту жоспарланғанын атап өтті.

Вице-премьер мемлекеттің дуальды білім беруді дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіп жатқанын баса айтып, қоғам нақты нәтижелерді күтетінін айтып өтті. Алайда, вице-премьердің пікірінше, кадрлар даярлау жүйесінде бизнес қауымдастық арқа сүйеушілік позицияға ие.

«Колледждерді компаниялардың сенімді басқаруына беру мысалдары бар, бірақ олар жеткіліксіз. Елбасының тапсырмаларына сәйкес оқу орындарының бейінін сақтаудың міндетті шартымен бұл үдерісті жылдамдату қажет. Мемлекет бизнес үшін барынша қолайлы жағдай жасауда және бизнес те қызығушылық пен әлеуметтік жауапкершілік танытуы тиіс», - деді Б.Сапарбаев.

Отырысты қорытындылаған вице-премьер дуальды білім беру жүйесін енгізудің, кәсіпорындарға арнап критерийлер дайындаудың нақты нәтижелеріне жетуге қатысты сәйкес мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырмалар берді, олар колледждерді сенімді басқаруды, сондай-ақ экономика саласының нақты сұраныстарын ескере отырып, кадрлар даярлауды өз қолдарына алады.

Сұхбат

PhotoRoom