Қазақстан Республикасы парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Нью-Йоркке келді, ол мұнда БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мунмен және Біріккен Ұлттар Ұйымының бірқатар жоғары лауазымды адамдарымен кездеседі, деп хабарлайды BNews.kz.
ҚР парламенті Сенаты баспасөз қызметінің мәліметінше, Сенат төрағасы, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының Басшысы Қ.Тоқаев БҰҰ-да осы форумның таныстырылымында сөз сөйлейді. Бесінші діни саммит биылғы 10-11 маусымда Астанада өтеді және ол діни көшбасшылар мен саяси қайраткерлердің бейбітшілік, даму және қауіпсіздік жолындағы үнқатысуына арналады.
Қ.Тоқаев сапарының бағдарламасында ірі қорлардың басшылары – Азиялық қоғамның Президенті Дж.Ширанмен, «Еуразия» тобының Президенті Я.Бреммермен, Өркениеттер Альянсінің Жоғары өкілі Н.Ан-Насермен, «Бейбітшілік жолындағы дін» конференциясының Бас хатшысы У.Вендлимен және Нью-Йорк діни қауымдастығының өкілдерімен кездесулер бар.