Клинтон президенттікке үміткер болмақ

Жаңалықтар
02.03.2015, 10:32

АҚШ елінің бұрынғы мемлекеттік хатшысы және бұрынғы бірінші ханымы Хиллари Клинтон сәуірде 2016 жылдың қараша айында өтетін келесі президенттік сайлауға қатысатыны туралы жариялайды.

Бұл туралы жексенбі күні The Wall Street Journal газетінің электрондық нұсқасында хабарлады, деп жазады ТАСС. Газетте атап өтілгендей, президенттік сайлау науқанын өткізу үшін Клинтонның штабы 1 млрд-тан астам доллар жинамақшы.

Обамамен 2008 жылы таласқа түскен 67 жастағы Клинтон алдағы президенттік сайлауға Демократиялық партия атынан шығуы мүмкін кандидаттардың бірі болып саналады. Ол мемлекеттік хатшы қызметінен 2013 жылдың басында кетті.

Республикалық партияның атынан 2016 жылы шығуы мүмкін кандидаттардың арасында Флорида штатының бұрынғы губернаторы Джеб Буш (бұрынғы президент кіші Джордж Буштың ағасы), Нью-Джерси штатының губернаторы Крис Кристи, сенаторлар Марко Рубио, Рэнд Пол және Тед Круз, Висконсин штатының губернаторы Скотт Уокер, Арканзас штатының бұрынғы губернаторы Майк Хакаби және конгрессмен Пол Райанның есімдері аталады.

Қазақпарат

 

 

Сұхбат

PhotoRoom