Жаңа фильм жарыққа шықты

Жаңалықтар
02.03.2015, 18:22

«Ай Күнді сүйеді» атты отандық қысқа метражды фильмінің көрсетілімі өтті. Фильмнің авторы және режиссері – әнші, сазгер, продюсер және журналист Аli Sher Suleimen (Әлішер Сүлейменов).

Фильм түрлі адамдардың ішкі жан күйзелісін баяндайтын шағын хикаялардан тұрады. Осы кейіпкерлердің барлығын жылуды, сүюді және сүйіспеншілікті сезінуді қалау сезімі ортақтастырады. Өмір сүру қарқыны шапшаң қазіргі заманда адамзат махаббат пен ізгілікті іздейді және фильм режиссері осы сезімдерді көрсетудің оншақты тәсілін көрерменнің назарына ұсынып отыр.

«Өмір сүру ырғағы шапшаңдай түскен қазіргі әлем жағдайында қысқа метражды киноның заманауи форматы адамзаттың клиптық ой өрісіне әбден саяды», - дейді Ali Sher Suleimen.

«Ай Күнді сүйеді» - бұл «Молодость» Халықаралық кинофестивалінің (Киев) бірінші жүлдесіне ие болған, сондай-ақ, жастар фильмдері кинофестивалінің (Мәскеу) және Ташкенттегі кинофестивалдің лауреаты атағын иеленген, 1990 жылы шыққан «Птица» («Құс») бірінші фильмінің жалғасы.

«Ай Күнді сүйеді» кинохикаясында басты рөлдерді актриса Бақыт Жанғалиева, атақты каскадер және актер Баходыр Джалметов, сондай-ақ, бастауыш актерлер Бахтияр Тұрсынов пен Марина Климович сомдады. Эпизодтардағы рөлдерді актриса Зульфира Гузаирова, белгілі тележурналист және блогер Ержан Сүлейменов ойнайды.

Фильмнің әуенін Ali Sher Suleimen-нің өзі жазды. Фильмнің түсірілімі Алматының төңірегінде жүргізілді. «Ай Күнді сүйеді» фильмі режиссердің таяу жылдары жүзеге асыруды армандап жүрген жақсылық пен сүйіспеншілік тақырыптарына арналған 10 фильмнен тұратын топтамасына бастау беріп отыр. Фильм бюджеті отандық арт-хаус жанрына бей-жай қарамайтын жебеушілер тобының қосқан қаржысынан құралды.

Кинохикая атақты режиссер, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР-на еңбегі сіңген қайраткер Сатыбалды Нарымбетов тарапынан жоғарғы бағаға ие болды.

- Біз өз өміріміздегі жақсылық, жылулық пен өзара қарым-қатынастағы адалдық секілді басты құндылықтардан ада болып барамыз, - деп фильм жөніндегі өз пікірін білдірді Сатыбалды Нарымбетов. - Бұл қазіргі замандағы авторлардың бүкіл көркем туындыларындағы негізгі тақырыпқа айналуы тиіс. Фильм – әлі орнын толтыруға болатын біздің жоғалтқан құндылықтарымыз туралы, өзінің стилистикасы бойынша ақиқатты аз ғана сөзбен-ақ керемет дәлдікпен бейнелейтін жапондық поэзиядағы басё жанрына ұқсайды.

Аli Sher Suleimen-нің сөзінше, фильмді Қазақстанда ғана көрсету жоспарланып отырған жоқ, қазірдің өзінде Еуропа және АҚШ кинозалдарында алғашқы қойылымдарды көрсетумен айналысатын продюсерлермен келіссөздер жүргізілуде. Сонымен қатар, бірқатар отандық телеарналар хикаяны эксклюзивті құқықпен көрсетуге және бір жыл бойы оны көрсету үшін құқық алуға қызығушылықтарын танытып отыр.

 

Режиссер туралы ақпарат:

Аli Sher Suleimen  Алматыда дүниеге келген. Бала кезінде ол «Құлагер», «Третья сторона медали», «Осенние извилистые дороги», «Сани в гору и под гору» секілді кинофильмдерде түрлі рөлдерді ойнаған. Бүкілресейлік Мемлекеттік кинематография институтын (Мәскеу) тәмамдаған. 1990 жылы «Птица» фильмінің сцеанарий авторы және қоюшы режиссері ретінде тұңғыш жұмысымен жұртқа танылды. Бір жылдан соң «Айналайын» кинофильміндегі толық метражды сценариі алғашқы рет халық назарына ұсынылды. Актер ретінде ол «Лейтенант С», «Жертва для императора», «Жизнь после смерти» және тағы да басқа фильмдерде рөлдерді сомдаған. Қазақстан Жастар мемлекеттік сыйлығының лауреаты  (1992).

Аli Sher Suleimen   отандық теледидар тарихындағы алғашқы продюсерлік қызметті жүргізіп, 25 теледидар жобасын («Атамұра», «Асар», «Майдан» ток-шоуы және басқа да көптеген жобалар)  жасап шығарған.

1993 жылы кәсіби түрде музыкамен айналыса бастады. «Говори мне», «Дни Любви», «Белый дождь», «Только ты» және тағы да басқа әндердің авторы және орындаушысы.

2002 жылы «Белый альбом Алишера» атты тұңғыш альбомы жарыққа шықты. 2010 жылы рекордтық екі ай ішінде сатылып кеткен 3 мыңдық тиражбен «I Love U» екінші жеке альбомы шықты. Қазір Аli Sher Suleimen орыс және қазақ тілдеріндегі үшінші альбомын шығару бойынша жұмыс жасауда.

«Белая книга Алишера» әңгімелер жинағының авторы.

Ұстанымы: «Осы дүниедегінің бәрі адам үшін жай ғана әуестік қана, дұғада ғана кәсіпқой болу қажет».

 

Сұхбат

PhotoRoom