Қазақстан гендерлік саясат бойынша Орталық Азияда лидер

Жаңалықтар
03.03.2015, 14:43

Қазақстан гендерлік теңдік ұстанымында Орталық Азия өңірінде көшбасшы мемлекет. Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының төрайымы Гүлшара Әбдіқалықовамен кездесуі барысында Орталық Азиядағы «БҰҰ-Әйелдер» көп елдік бөлімшесінің директоры, Қазақстандағы «БҰҰ-Әйелдер» өкілі Илейн Конкевич осылай мәлімдеді.

БҰҰ өкілінің айтуынша, Қазақстанның рейтингін көтеру үшін әйелдер мен ерлер табыстарының арасындағы үлкен айырмашылық жағдайын жақсарту қажет.

«Ер азаматтар әйелдерге қарағанда көп табады. Бұдан бөлек, Қазақстанда Парламентте және жергілікті әкімдіктерде әлі де болса әйелдердің 30 пайыздық үлесі еңсерілген жоқ. Дегенмен, Қазақстанның мемлекеттік басқаруында әйелдердің пайыздық үлесі соншалықты аз емес - Парламенттің төменгі палатасында 26 пайызды құрайды. Әйтсе де, бұл көрсеткішті 30, одан да жақсырақ тіпті 40 пайызға арттырып, әйелдердің Қазақстандағы саяси мәселелерді шешуге қатысуын жақсарту қажет. Бұдан бөлек, тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қолдауға және оның алдын алуға қатысты жұмыстарды жақсарта түсу маңызды», - деді И.Конкевич.

Оның сөзіне қарағанда, Қазақстанда гендерлік теңдік бағытын түсіндіру бойынша да жұмыстар атқарылуы тиіс.

«Дегенмен, Қазақстан Орталық Азия өңірінде гендерлік теңдікті ілгерілету бөлігінде тарихи рөл атқарып келеді», - деді БҰҰ өкілі.

Оның сөзіне қарағанда, гендерлік теңдікті ілгерілету көрсеткіштеріне білімді әйелдер саны, олардың ірі компанияларды басқаруға қатысу үлестері де әсер етеді.

Сұхбат

PhotoRoom