Президенттікке үміткерлер тапсыратын сынақтың тақырыптары

Жаңалықтар
04.03.2015, 14:27

Лингвистика комиссиясы ҚР Президенттігіне үміткерлерге арналған емтихан тақырыптарын бекітті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 

"Президенттікке үміткер шарт бойынша екі беттен кем емес көлемде жазбаша жұмыс жазуы керек. Бұған бір сағат беріледі. Егер үміткерге бұл уақыт жеткіліксіз болса, біз оған қосымша 30 минут береміз. Содан кейін кітаптар, қазақ әдебиетінің классикасы бар. Комиссия оқуға арналған әдебиеттер тізімін бекітті. Үміткер еркін оқи алуы керек", - деді лингвистика комиссиясының төрағасы Мырзатай Жолдасбеков.

Оның айтуынша, үшінші тапсырма - ұсынылған тақырып бойынша комиссия алдында 15 минут сөз сөйлеу. "Ол өз ойын мемлекеттік тілде еркін жеткізе алуы керек. Дайындыққа да бір сағат беріледі", - деді Жолдасбеков.

"Емтихан қорытындысы бойынша комиссия кабинетте оңаша қалып, жауаптарды жан-жақты талқылайды, жазбаша жұмыстарды тексереді, содан кейін үміткерге рұқсат беру-бермеу жөнінде шешім қабылданады", - деді комиссия төрағасы. Жолдасбековтің айтуынша, бұрынғы президенттік сайлау науқандарында 2 бет эсседе елуден астам қате жіберген үміткерлер болған.

Сұхбат

PhotoRoom