Кандидаттыққа үміткерлер саны 9 адамға жетті

Жаңалықтар
05.03.2015, 17:01

ҚР Президенттігіне  кандидаттар саны 9 адамға жетті. Бұл туралы бүгін  ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлім етті.

Оның атап өтуінше, кандидаттардың 8-і өзін өзі ұсынса, бір азамат Қазақстанның коммунистік халық партиясы атынан кезектен тыс президенттік сайлауға түсіп отыр. «Қазіргі уақытта өз кандидатурасын 9 адам ұсынды. Оның бірі дәл қазіргі уақытта мемлекеттік тілді еркін меңгергендігін дәлелдеу сынағын тапсыруда», - деді Б.Мелдешев.

Сұхбат

PhotoRoom