Президент "Көктем шуағында" әйелдерді құттықтады

Жаңалықтар
06.03.2015, 11:55

Қазақстанда тоғыз миллион әйел бар. Бүгін Ақордада Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай айтты, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Қазақстанда тоғыз миллион әйел бар. Мемлекеттік қызметте де басым бөлігі, жартысынан көбі - әйелдер. Денсаулық сақтау саласында 75 пайызы әйелдер, халық ағарту мәселесінде - 65 пайыз, бизнестің 40 әйелдердің қолында. Денсаулық сақтау саласында да жұмыс істейтіндердің 75 пайызы - әйелдер. Яғни, ұлтымыздың денсаулығы әрқашанда әйелдердің қолында: үйде де, жұмыста да», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы Тәуелсіздік жылдарында тыныштық пен тұрақтылықты сақтауда әйелдер қауымының үлесі зор болғанына назар аударды.

«Әйел - ошақтың ұйытқысы, алтын бесіктің иесі. Ел болашағының барлығы әйел азаматтарының қолынан өтеді. Сондықтан Сіздер арқылы барша Қазақстанның әйелдерін шын жүрегіммен құттықтағым келеді. Еш уақытта езулеріңізден күлкі кетпесін!», - деді Мемлекет басшысы.

Сұхбат

PhotoRoom