Жоғары сыныптардың сабағы ағылшын тілінде өтеуі тиіс - Назарбаев

Жаңалықтар
06.03.2015, 14:31

11-12 сыныптарда барлық сабақ ағылшын тілінде өтуі тиіс. Бүгін Ақордада Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Қазақстан әйелдер қауымы өкілдерімен «Көктем шуағы» атты кездесуі барысында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Бізде мемлекеттік тіл - қазақ тілі. Ол сақталуы тиіс және біздің барлығымызда осы тілде оқуымыз қажет.  Орыс тілі - біздің таяу көршілермен интеграциялану тіліміз. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі. Болашақта біздің балаларымыз ағылшын тілін блуі қажет. Біз ашық мемлекетпіз. Технология, ғылым, қоғам - мұның барлығы да ағылшын тіліне жетелейді. Сондықтан ағылшын тілін бірінші сыныптан оқытқан дұрыс. Ал 11-12 сыныптарда барлық сабақтар ағылшын тілінде болуы қажет. Малайзия дәл осылай жасаған болатын. Соғыстан кейін тәуелсіздік алған олар малай тілін мемлекеттік тіл жасады. Ал оны әлемде ешкім білмейді. Сондықтан олар қайта ағылшын тіліне көшті. Дәл осындай жайт Сингапурда да қайталанды. Бұл біздің жақсы көргендігімізден не болмаса жек көргендігімізден емес. Қараңыздаршы, барлық ғаламтор кеңістігі, барлық ІТ-технологиялар, қайда барсаң да ағылшын тілі. Яғни, балаларға үш тілді де оқыту керек», - деді Елбасы.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы кездесу барысында қуатты, халқына адал мемлекеттік қызмет, әділ әрі адал сот, ашық құқық қорғау органдарын құру қажеттігін атап өтті.

Сұхбат

PhotoRoom