Оңтүстіктегі 63 мыңнан астам көпбалалы анаға құрмет көрсетілді

Жаңалықтар
06.03.2015, 16:43

Бүгін облыс әкімі Асқар Мырзахметов 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен ақ жаулықты аналар мен аяулы аруларды құттықтады.

«Мемлекет басшысы әйелдердің қоғамда алатын орнын бағамдап, «Әйел қуанышы – үйдің, отбасының, Отанның мерейі» – деген болатын. Бүгінде нәзік жанды арулар қоғамның түрлі салаларында жемісті жұмыс жасауда. Қазақ әйелді отбасының ырысы, ұйытқысы деп ұғынған. Халқымыздың татулығын, ағайынның бірлігін, шаңырақтың берекесін ұстаушы да ана. Өмірге ұрпақ әкеліп, тіршілікке тірек болған қажыр-қайраттары үшін біз ардақты ана мен асыл жарға, аяулы нәзік жандарға әрдайым құрметпен қараймыз. Көктемнің жұпар иісі мен шуағын ала келген мереке баршаңызға бақыт сыйласын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық тілейміз!», - деді облыс әкімі өз құттықтауында.

2014 жылғы статистикалық деректер бойынша облыста халық саны 2 млн. 780 мың адамды құраса, оның 1 млн. 400 мыңдайы әйелдер.

Солардың ішінде мәдениет саласында еңбек ететіндердің жартысынан астамын, ұлағатты ұстаздардың 75, медицина мамандарының 87 пайызын нәзік жандылар құрайды. Шағын және орта кәсіпкерлік саласында да кәсіптің көзін тапқан аруларымызда жетерлік.

Сонымен қатар өңірде 152358 көп балалы әйелдер болса оның 30046 «Алтын алқа» иегерлері, 38824 ана «Күміс алқа» иегерлері. Ал, 1,2 дәрежелі 8174 әйел «Ана даңқы» орденінің иегері атанса, 4 жасқа дейін және одан жоғары 18 жасқа дейін балалары бар 75314 көп балалы аналарымыз бар.

Сұхбат

PhotoRoom