"Нұр Отанның" съезі несімен қызықты болмақ?

Сараптама
10.03.2015, 09:28

Ертең Астанада Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен «Нұр Отан» партиясының XVI съезі өтетіндігі хабарланған болатын. Яғни, ертең қазіргі президенттің алдағы сайлауға түсер-түспесі белгілі болады.

Мемлекет басшысының саясатын жүзеге асыру мақсатында құрылған "Нұр Отан" партиясы Н. Назарбаевты үміткер ретінде ұсынары сөзсіз. Алайда, "сайлау туралы жоспарым басқаша болған, мүмкін театрдағы декорацияны ауыстырудың уақыты келген шығар" деп мәлімдеген қазіргі Президенттің не ойлағаны бар? Міне, бұл сұрақ өткен аптаның соңынан бері қоғамда қызу талқыланып жатыр. Назарбаев - әккі саясаткер. Қоғамның тамырын басып, жағдайды бақыламақ болды десе, енді бір топ кәдімгідей алаңдаушылық білдіріп отыр.

Декорация ауыстыру мәселесі тағы да айтылуы мүмкін. Алайда Ақорда жаққа толассыз ағылған хаттар мен мемлекеттік арналардың жаңалықтарында бастан-аяқ Назарбаевқа кандидатурасын ұсыныңызшы деп жалынған өтініштер де қараусыз қалмауы керек.

Бас партияның бұған дейінгі жиындары аса қызығушылық тудыра қоймайтын. Десе де 16 жастағы "Нұр Отанның" он алтыншы съезі бұрынғыдан өзгеше болуы да кәдік.

Ал бұдан кейін Елбасының 13 наурызда елордада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуін өткізу жоспарланған.

Мемлекеттер басшылары үш елдің өзара саудасы мен экономикалық ықпалдастығын ұлғайту мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономикадағы үрдістердің дамуын және Украинадағы ахуалды талқылайды.

Сұхбат

PhotoRoom