Қызылдар мен қызыл алаң...

Сараптама
10.03.2015, 09:56

Парламенттік саяси партия деп аталатындардың алғашқысы болып коммунистер бас қосып, наурыздың 4-і күні Президенттік сайлауға ортақ үміткер таңдап қойды. Ол - Тұрғын Сыздықов. Қоғамға мүлде танымал емес деп таңғалушылар көп.

сыздыков

Алайда, өткен сайлауда екінші орын алған Жамбыл Ахметбеков те жоқ жерден "пайда болғанын" естен шығармау керек. Есесіне бүкіл елге танымал болды. Түйе сұрасаң бие береді дегендей, ол қазір ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Саяси жағдайды түсініп қалса керек. Биыл ол белгілі бір образ сомдау туралы шешім қабылдамады. Құрылуы да қызық партия ҚКХП әр сайлау сайын жаңа "саясаткер" шығаратын әдіс ойлап тапты. Рақымшылықты дұрыс пайдалану деген осы шығар.

 

10980175_10200305494077556_6038186484721706872_o

Коммунистердің әуселесі белгілі. Ал, тағы бір парламенттік партия "Ақ жол" неге үнсіз? Бүгін съез өткізу туралы жоспар жоқ. Түбі "Нұр Отандық" Азат Перуашев келгелі аға партияға құрметі артқан "Ақ жол" ертең "Нұр Отанмен" жағаласып съез өткізбейтіні және белгілі. Ендеше, "Ақ жол" осы аптаның екінші жартысында бас қосып қалуы мүмкін. Ортақ үміткер шығара ма? Мәскеуде Борис Немцов қастандықпен өлтірілген жерге гүл шоқтарын қойып, Кремль маңайында жүрген Азат Перуашевтың өзі түсе ме, әлде Косарев-Ахметбеков тактикасына сүйеніп, аймақтық деңгейдегі әлдекімге "жаңа саясаткер" статусын бере ме ол енді алдағы күндердің еншісінде. "Нұр Отанға" құрметі бөлек екенін айттық. Ендеше, бейтарап қалып, бас партияның үміткерін де қолдай салуы да ғажап емес.

Сұхбат

PhotoRoom