Қайсаров қазақстандық емес пе?

Жаңалықтар
10.03.2015, 10:11

Орталық сайлау комиссиясы Уәлихан Қайсаровтың азаматтығына қатысты күмән келтірді, - деп хабарлады ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен.

"Бізге кандидаттардың өздері жазып берген мәліметтерді қайта тексеруге тура келеді. Мысалға, өз кандидатурасын ұсынған ниет білдіруші Уәлихан Қайсаров сайлауға түсу туралы арызында өзге елдің азаматы екенін жазды. Орталық сайлау комиссиясы мұндай мәліметке тиісті әрекет етпей қоймайды", - деді Сүлеймен брифингте.

Ол бұған байланысты ОСК Ішкі істер министрлігіне Қайсаровтың жеке бас мәліметтерін тексеру жөнінде сауал жолдағанын айтты. ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл ниет білдірушінің мемлекеттік тілде толтырған биографиялық мәліметтерінде бірнеше қате де бар.

Бұған дейін президенттікке үміткер болуға ниет білдіргендердің қатарына Уәлихан Қайсаровтың қосылғаны хабарланған еді. Ол Ол "Кенесары хан" қорының басшысы ретінде өтініш берген. Қайсаров 2011 жылғы президент сайлауы науқанына да қатысқан болатын. Ол мемлекеттік тіл емтиханын тапсырмақ болды, бірақ лингвистика комиссиясы ол қазақ тілін жетік білмейді деген қорытынды жасады. Комиссия оның жазған жұмысынан 28 қате тапты. Бірнеше күннен соң Қайсаров Орталық сайлау комиссиясына тағы өтініш берді. Кейін Жоғарғы сот өкілдері лингвистика комиссиясының үстінен берген оның шағымын қанағаттандырмай тастады.

Орталық сайлау комиссиясының жаңарған мәліметтеріне қарағанда, 2015 жылғы сайлау науқанына қатысуға бүгінде 14 адам ниет білдіріп отыр. Жаңадан қосылғандардың қатарында Қайрат Майішев, Бақтияр Естемесов, Қанат Тұрагелдиев бар. Комиссия бұл адамдардың туралы толығырақ мәліметті әзірше жария ете қойған жоқ.

Tengrinews.kz өткен аптада президенттікке ниет білдірген төрт адамның тіркеуге алынбағанын хабарлады. Олардың екеуі 40 жасқа толмаған, екеуі мемлекеттік тіл емтиханын тапсыра алмады. 7 наурыз күні ОСК баспасөз қызметі ниет білдіруші Қанат Жұманның мемлекеттік тіл емтиханынан өте алмағанын хабарлады, лингвистика комиссиясы ашық дауыс дауыс беру нәтижесінде май құю бекетінің басшысы ретінде өтініш берген ниет білдіруші мемлекеттік тілді жетік білмейді деген шешім қабылдады.

Әзірше Конституция мен сайлау туралы заң талаптарына сай келетін жалғыз ниет білдіруші "Рухани қоғам әлемі" қоғамдық қорының басшысы Лимана Қойшиева болып тұр. Оған жақтастарының қолын жинау үшін қол қою қағаздары берілді.

Сұхбат

PhotoRoom