Назарбаевтың жоспары

Жаңалықтар
16.03.2015, 18:28

Елбасының 18 наурызда Президенттің Іс басқармасының Медициналық орталығының Клиникалық-оңалту кешеніне баруы жоспарланып отыр.

Президент мұнда заманауи технологияларды қолдану негізінде мамандандырылған жоғары медициналық көмек көрсететін мекеменің жұмысымен танысады.

Сол күні Қазақстан Президенті Ақордада бірқатар шетелдік мемлекеттердің елшілерінен сенім грамоталарын қабылдайды.

19 наурызда Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Нұрсұлтан Назарбаевты қолдайтын республикалық және өңірлік қоғамдық штабтардың ашылу рәсімі жоспарланған.

20 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы президенттерінің үшжақты кездесуін өткізу жоспарлануда.

Мемлекет басшылары үш елдің өзара сауда және экономикалық ықпалдастығын тереңдету мәселелерін қарастырады. Сонымен қатар президенттер әлемдік экономиканың даму үрдістерін және Украинадағы ахуалды талқылайды.

21 наурызда Мемлекет басшысының Наурыз мерекесіне арналған іс-шараларға қатысуы жоспарланған, деп хабарлайды Ақорданың сайты.

Сұхбат

PhotoRoom