Ыдырысов Қырғызстанға кетті

Жаңалықтар
03.04.2015, 09:59

ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов бастаған сыртқы саяси ведомствоның қазақстандық делегация кеше Бішкекке барды. «Манас» халықаралық әуежайында қазақстандық делегацияны Қырғызстан Республикасындағы ҚР-ның Төтенше және Өкілетті Елшісі Айымдос Бозжігітов қарсы алған.Ертең күннің бірінші жартысында «Ала-Арча» мемлекеттік резиденциясында ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы өтеді. Күн тәртібінде көпсалалы және аймақаралық сипаттағы бірқатар мәселелер қаралмақ.

Қазақстандық тараптан шараға ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Самат Ордабаев, Қырғызстандағы Қазақстан Елшісі А.Бозжігітов, Беларусьтегі Қазақстан Елшісі Е.Бөлегенов, ҚР СІМ халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы Р.Василенко, ҚР СІМ мемлекеттік хаттама қызметінің басшысы Ж.Әбдірашев, ҚР СІМ Еуразиялық интеграция департаменті директорының орынбасары Тоқтар Игембаев, ҚР СІМ Кеңсесінің екінші хатшысы Ж.Ормантай және Қырғызстандағы қазақстандық дипмиссия өкілдері қатысады.

Қырғызстан Президенті Алмазбек Атамбаев ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовты қабылдайды деп күтілуде. Сондай-ақ Қырғызстан Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаевпен кездесу жоспарланған.

 

Сұхбат

PhotoRoom