Мырзахметов еуропалық бақылаушылармен кездесті

Жаңалықтар
03.04.2015, 14:42

Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметов Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау науқанын бақылау мақсатында арнайы келген Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының демократиялық институттар және адам құқығы жөніндегі бюро миссиясының бақылаушылары Томас Хольцер және Метте Сельчаумен кездесті, деп хабарлайды жергілікті Отырар арнасы.

Екіжақты кездесуде өңір басшысы Президент сайлауын өткізу кез-келген өркениетті ел үшін мәні терең саяси оқиға деп бағалап, елімізде бұл саяси дода қолданыстағы заң талаптары аясында демократиялық принциптерге сай өтетініне сенім білдірді. Сайлау науқанының барынша ашық өтуін қамтамасыз ету мақсатында Шымкентте халықаралық бақылаушылар үшін арнайы орталық құрылып, жұмыс жүргізіп отырғанын мәлімдеп, халықаралық беделді ұйымның өкілдерін өзара ынтымақтастық пен әріптестік негізінде қызмет етуге шақырды.

Мәртебелі меймандар өз кезегінде Қазақстан әлемдік қауымдастықтың белді мүшесі екенін айта келе, мемлекет басшысын сайлау науқаны демократиялық құндылықтар аясында ашық жағдайда өтеді деп сенім білдірді. Осы орайда тәуелсіз бақылаушылар үшін тиімді жағдай жасап отырған облыс әкімдігіне алғыстарын жеткізді.

 

Сұхбат

PhotoRoom