Бішкекте ТМД Сыртқы істер министрлері кеңесінің отырысы аясында Қазақстанның сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қырғызстандық әріптесі Ерлан Абдылдаевпен екіжақты кездесу өткізді, деп хабарлайды BNews.kz.
Тараптар кездесу барысында қазақ-қырғыз қарым-қатынасын талқылады, сондай-ақ екі ел де белсенді саяси-экономикалық диалогты, барлық деңгейлердегі байланыстарды қолдайтыны аталып өтті.
Тараптар биылғы жылы екі елдің ынтымақтастығының арқасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтар дер кезінде іске асырылатынына сенімділік білдірді.