Ұлттық қордан тағы 35 млрд теңге бөлінеді

Жаңалықтар
06.04.2015, 15:23

Отандық машина жасауды дамыту үшін 2015 жылы Ұлттық қордан 35 млрд. теңге бөлінеді. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру мәселесіне арналған брифингте ҚР Ұлттық экономика министрінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов мәлім етті.

«Ағымдағы жылда дағдарысқа қарсы арналған шараларға тоқталып өтсем, бірінші кезекте отандық машина жасауды дамыту үшін (автомобильдерді, тікұшақтарды және жолаушылар вагондарды жасау) 2015 жылы Ұлттық қордан 35 млрд. теңге бөлінеді, оның ішінде автомобильдерді жасау үшін 20 млрд. теңге, тікұшақтарды жасау үшін 10 млрд. теңге, жолаушылар вагондарын жасау 5 млрд. теңге қарастырылды», - деді М.Құсайынов.

Атап айтқанда, отандық автомобиль және тікұшақ өндірушілерді қолдау ішкі нарықта шетелдік өнімдердің импортын отандық өндіріс өнімдерімен алмастыруды қамтамасыз ететін болады.

«Жалпы, қабылданып жатқан шаралар әлеуетті ішкі және сыртқы тұтынушыларға тиімді қаржылық жағдайында отандық машинажасау өнімін алуға мүмкіндік береді», - деп түйді ол.

Қазақпарат

Сұхбат

PhotoRoom