Cайлау учаскеңізді СМС-сервис арқылы анықтаңыз

Жаңалықтар
07.04.2015, 10:21

Қала тұрғындарына ыңғайлы болуы үшін, елорда әкімдігі мен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті «Сайлау учаскесі туралы ақпарат іздеу» интерактивті СМС-қызметін іске қосты, деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл қызмет азаматтарға сайлау учаскесінің номері, мекен-жайы, телефоны және ғимараттың орналасқан жері көрсетілген сайлау учаскесі туралы ақпарат алуға мүмкіндік береді.

Қызметті пайдалану үшін 414 номеріне [код сөзі] бос орын [азаматтың ЖСН] жазылған СМС-хабарлама жіберу керек.

Мәтіндік хабарлама мына нұсқада болуы керек:

Мемлекеттік тілде ақпарат алу үшін «Сайлау ЖСН» немесе «Saylau ЖСН» сөзін теру керек (мысалы, Сайлау 123456789012);

Орыс тілінде ақпарат алу үшін «Выборы ЖСН» немесе «Vibory ЖСН» теру керек (мысалы, Выборы 123456789012).

Назар аударыңыз! Қызмет ақылы! Қызметті алған жағдайда пайдаланушы СМС-хабарламаның құнын ғана төлейді, абоненттің телефон бірліктерінің есебінен 7 теңге алынады.

 

Сұхбат

PhotoRoom