Елбасы ШҚО-дағы сапарында жаңа театрдың ашылуына қатысты

Жаңалықтар
08.04.2015, 09:11

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары аясында облыстық жаңа драма театрын аралап көрді.

 Елбасы өскемендіктерді  жаңа театрдың ашылуымен құттықтап, елдің береке-бірлігі үшін қоғамды рухани және мәдени дамытудың маңыздылығын атап өтті.

« Бұл - мәдениеттің тамаша жаңа ордасы. Театр 600 орынға лайықталған, дайындық залдары, кіші залы бар. Қазақ және орыс труппаларының ойдағыдай жұмыс істеуі үшін барлық жағдай жасалған. Сіздерді жаңа театрдың ашылуымен құттықтаймын. Өскемендіктер осы залда актерлердің тарихымыз бен қазіргімізді айшықтайтын керемет ойынын көретініне сенімдімін», - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның мәдени өмірін нығайтудағы экономикалық бақуаттылықтың айрықша рөлін атап өтті. Тәуелсіздік алған 23 жыл ішінде жүздеген жаңа мектептер, ауруханалар мен медицина орталықтары, балабақшалардың ашылғандығын айтып кетті.

«Мәдениет дамуы үшін экономиканы көтеру қажет. Қазақстанның экономикалық қуаты 17 есе, халықтың табысы 20 есе артты. Қазақстандықтардың өмір сүру жасының орташа  ұзақтығы 64 жастан 71 жасқа дейін өсті. Адамның театрға баруды қалауы тыныш өмір сүріп, тұрақты табыс тапқан кезде ғана пайда болады. Қазақстанда бүгінде үш опера және балет театры, ал облыстарда 50 шақты театр жұмыс істейді. Мұның бәрі мәдени-рухани өмірдің де экономикадағыдай қарқынмен дамуы үшін қажет. Тәуелсіздік жылдары біз жаңа Қазақстанды қалыптастырдық, жаңа ұрпақ тәрбиеледік, экономиканы еселедік, халықтың табысын ұлғайттық. Біз үлкен екі дағдарысты еңсердік. Осының бәріне бірлік пен тұрақтылықтың арқасында қол жетті. Мұны ең басты байлығымыз ретінде сақтау керек », - деді Қазақстан Президенті.

Елбасымен кездесу аймақ әкімдігінің симфониялық оркестрінің концертімен аяқталды.

Сұхбат

PhotoRoom