Сайлау учаскелеріне кіреберісте арнайы пандустар орнатылады. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Бақыт Мелдешев мәлім етті.
«Жүріп-тұруы қиын мүгедектер бар. Осыған орай біз барлық сайлау комиссияларына, нақты айтқанда барлық әкімдіктерге өтініш жасадық. Яғни, олардан мүгедек азаматтар өздерінің сайлау құқығын пайдалану мақсатында сайлау учаскесіне келгенінде кіріп-шығуы оңай болуы үшін арнайы пандустар орнатуын өтіндік. Өйткені, әкімдіктер бізді материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етеді», - деді Б.Мелдешев.
Оның нақтылай түсуінше, денсаулығына байланысты сайлау учаскесіне келе алмайтын азаматтар 26 сәуір күні сағат 12-00-ге дейін арнайы өтініш жазып, сол арқылы үйінен-ақ дауыс беруіне болады.
Қазақпарат