Елбасы: "Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек" деп өлең оқыды

Жаңалықтар
09.04.2015, 10:42

Семей жұртшылығына Абайдың әйгілі өлеңін Елбасының өзі оқып берді. Президент бұдан бөлек, шаһардағы кәсіпорындарда болып,  қызметкерлермен жеке танысып, қол алысты.

Семейге ат басын тіреген Елбасы ең алдымен былтыр ғана ашылған кондитерлік фабриканың жұмысшыларымен кездесті. Мұнда шығарылатын кәмпиттің дәмін де татып көрді. Артынша, Назарбаев ядролық медицина орталығына кіріп, ТМД елдерінде теңдесі жоқ мекеменің қызметкерлерімен тілдесті. Бюджеттің 7 млрд теңгесіне салынған ауруханадағы дәрігерлерге сапалы қызмет көрсету керектігін ескертті. Сондай-ақ, Елбасы Абай атындағы қорық-мұражайда зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Рухани тәрбиенің маңызы туралы айтқан Президент ұлы ақын өлеңдерін оқып берді.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

«Жас - қартаймақ, жоқ – тумақ, туған – өлмек

Тағдыр жоқ, қайтқан өмір қайта келмек.

Басқан із, көрген қызық артта қалмақ,

Бір Құдайдан басқаның бәрі өзгермек».

www.ktk.kz

Сұхбат

PhotoRoom