ҚСЗИ басшылығы швейцариялық сарапшылармен кездесті

Жаңалықтар
09.04.2015, 15:54

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры Ерлан Қарин швейцариялық делегациямен кездесті.

Қонақтар арасында Швейцария Конфедерациясының Қазақстан Республиксындағы Елшісі Мауро Рейна, осы елдегі Қарулы күштерді демократиялық бақылау жөніндегі Женева орталығы директорының орынбасары Филип Флюри және Қазақстан-Швейцария парламентаралық ынтымақтастық тобының президенті, Швейцария Парламентінің мүшесі Кристиан Миш болды.

Филип Флюри Женева орталығы ҰҚШҰ-мен жұмыс істейтінін, енді ШЫҰ-мен ынтмақтастық орнату жоспарда бар екенін айтып, «аймақтағы беделі жоғары ел – Қазақстанмен де зерттеу саласында байланысты арттыруға мүдделіміз» деді.

Ерлан Қарин өз кезегінде ҚСЗИ алдағы уақытта бірқатар шаралар ұйымдастыратынын атап өтті. Институт жобаларына қонақтар қызығушылық танытып отыр.

Кристиан Миш жақында өтетін Қазақстан президентін сайлау күні бақылаушы міндетін атқаратынын жеткізді.

Тараптар кездесуді алдағы уақытта бірлесе атқаратын жобалардың басы деп тарқасты.

ҚР Президенті жанындағы

Қазақстан стратегиялық зерттеулер

институтының баспасөз-қызметі

Сұхбат

PhotoRoom